Үзіктеп себуге арналған заманауи техника

Maestro RV

HORSCH Maschinen GmbH Өнімдер Cепкіштер | Maestro RV

Maestro RV

ҮЗІКТЕП СЕБУГЕ АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ ТЕХНИКА

  • Жүгері, күнбағыс, қант қызылшасы, соя және рапсты үзіктеп себуге арналған әмбебап машиналар
  • Мөлшерлегішті қарапайым баптау – дән түсіргішті нәзік баптаусыз
  • Қуатты және сенімді техника-ауыр параллелограмм және ең жоғары жүктемелерге арналған себу секциясы
  • Түрендерге 220 кг-ға дейінгі түскен қысым ең қиын жағдайларда сенімді тұқым себуге кепілдік береді
  • Топырақтың тығыздығына байланысты түрендердергі қысымды реттеуге арналған AutoForce автоматты жүйесі
  • Қармаудың едәуір ені мен HORSCH Partner ft шешімдерін пайдалану салдарынан жоғары өнімділік
  • Трактормен ыңғайлы агрегаттауға арналған ықшам құрылым

Maestro RV

AIRVAC ЖҮЙЕСІМЕН-ДӘЛДІК-ӘМБЕБАПТЫЛЫҚ

AirVac-вакуумдық мөлшерлегіштердің жаңа буыны

AirVac мөлшерлегіштері әртүрлі дақылдарды үзіктеп егу үшін әмбебап қолданылады. Ол жүгері, күнбағыс, қант қызылшасы, соя және рапс үшін мөлшерлеу дискілерімен жабдықталуы мүмкін.
AirVac вакуумдық жүйесі дәндерді / тұқымдарды мөлшерлеу дискісінің тесіктеріне бекіту үшін тарту күшін қолданады. Мөлшерлегіштің ішінде орналасқан алынбалы құрал "егіздердің" жабысуына және мөлшерленуіне жол бермейді. AirVac тұқым түсіргішінің басты ерекшелігі-бұл тіпті кішкене баптауды да қажет етпейді.  Алынбалы құралдың ерекше формасы әртүрлі көлемдегі және калибрлі тұқымдармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Түрен трубкасы арқылы AirVac мөлшерлегіші дәнді/тұқымдарды қарыққа бағыттайды. Егу сапасын бақылау үшін  әр қатарда түтік ішінде тұқым санын есептеуге және оларды егу орындары арасындағы қашықтықты белгілеуге мүмкіндік беретін  датчик орнатылған, бұл операторға егіздер мен өткізіп алған жерлердің болуы туралы уақтылы хабарлайды.                               
Алынған ақпарат бірден терминал мониторында оқуға ыңғайлы түрде көрсетіледі.
AirVac мөлшерлегішінде жеке басқарылатын электр жетегі бар. 
Бұл әдіс SectionControl, VariableRate немесе технологиялық жолтабанды басқару сияқты мүмкіндіктерді пайдалану үшін негіз болып табылады.
VariableRate көмегімен AirVac жүйесі бір қатарға себу нормасын өзгерте алады.
Технологиялық жолтабан жағдайында оған көршілес қатарларда себу нормасының өзгеруі мүмкін. Бұл инновациялық функцияларды егудің дәлдігін арттыру үшін кеңінен қолдануға болады.   

AirVac

  • Әр түрлі дақылдарды егу үшін әмбебап пайдалану
  • 12 км/сағ дейінгі жұмыс жылдамдығындағы жоғары дәлдік
  • Мөлшерлегішті қарапайым баптау – дән түсіргішті нәзік баптаусыз
  • Электр жетегі негіз ретінде:
    • SectionControl
    • VariableRate
    • Технологиялық жолтабанды басқару

Maestro RV

3 НҮКТЕЛІ АСПАҒА АРНАЛҒАН КӘСІБИ ТЕХНИКА

Maestro RV-ні не ерекшелендіреді?

Maestro RV қатараралық ені 70 / 75 немесе 80 см болатын 8 секциядан тұруы мүмкін. 12 секциядан тұратын нұсқада қатар аралығы 45 немесе 50 см құрайды. Себу секцияларын монтаждауға арналған  жаңа рамасы 12-ден 8 қатарға жылдам ауыстыруға  мүмкіндік береді.
Maestro RV егу секциясы қысымды реттеу үшін кең және тұрақты параллелограмм және гидравликалық цилиндрге ие. 220 кг/түренге дейінгі қысымды терминал арқылы қолмен орнатуға немесе AutoForce түрендеріне  қысымды автоматты реттеуді  инновациялық жүйесін пайдалануға болады.

Partner FT көмегімен салмақты оңтайлы қайта бөлу

Салмақты оңтайлы қайта бөлу үшін Maestro RV алдыңғы HORSCH Partner  FT бункерімен біріктірілген. Бұл комбинация екі нұсқада болуы мүмкін:
Partner 1600 FT  Бір камералы Partner 1600 FT  ықшам құрылғысының  дизайны жоғары өнімділігі бар бір компонентті пайдалануға мүмкіндік береді. Maestro RV-мен біріктірілген қысым бункері тыңайтқыш ыдысы ретінде қолданылады. Бункер ішіндегі жоғары қысым тыңайтқыштың жоғары мөлшерін беруге мүмкіндік береді. Partner 1600 FT салмағы 700 кг негізгі жиынтықта қосымша 360 кг салмақты балластпен жабдықталуы мүмкін.
Partner 2000 FT Partner 2000 FT екі камералық нұсқауда көлемі 2 200 л. Қолдану мақсатына байланысты таңдаудың екі нұсқасы ұсынылады:
 1. 60 : 40 бөлінген екі камералы бункер (көлемі 1 320:80). Тыңайтқыштардың екі түрін енгізу үшін
немесе барлық көлемді біреуі үшін қолдану керек.                                      
2. 75 : 25 бөлінген екі камералы бункер (көлемі 1 650 : 550). Стандартты Horsch мөлшерлегішімен және микротүйіршіктерге арналған мөлшерлегішімен. Бұл опция құрғақ тыңайтқыштар үшін үлкен камераны, микроэлементтер, инсектицидтер және т.б. үшін кішірек камераны пайдалануға мүмкіндік береді.                        
Partner FT-тің екі нұсқасы да тірек жүктемесін біркелкі бөлу үшін топырақ тығыздағыштарымен жабдықталуы мүмкін.
Partner 1600 FT және Partner 2000 FT мөлшерлегіштерінде қос жапқышты пайдалану агрегаттың қармау енінің жартысында себуді / енгізуді өшіруге мүмкіндік береді. GPS сигналын қолдана отырып, SectionControl мүмкіндіктерін сәтті толықтыратын қабаттасуды болдырмау үшін осы маңызды функцияны мануалды да, электрлік те басқаруға болады.

Maestro RV-қысқаша шолу

  • Дәл және қарапайым Horsch AirVac мөлшерлегіші
  • Partner FT қондырғысында тыңайтқыштарды адресті енгізу
  • Тыңайтқыштардың 2 түрін немесе тыңайтқыштар мен микроэлементтерді бір уақытта қолдану
  • 8-немесе 12-қатарлы
  • Қатарлар аралығының ені 45-80 см
  • Секцияларды монтаждауға арналған рама
  • Түрендерге түсетін 125 – 220 кг диапазонындағы қысым
  • Терминалдан ыңғайлы баптау
  • Немесе Horsch AutoForce инновациялық автоматты жүйесі
  • Тыңайтқыштарды бір дискілі түрендермен адресті бітеу
  • Борозда немесе беткі қабатта микроэлементтерді / СЗР опционалды енгізу туралы
  • ISOBUS-басқару

Техникалық деректер

HORSCH Maestro RVMaestro 8.70 – 75 – 80 – 30” RVMaestro 12.45 – 50 RV
Көліктік ені (м)3,003,00
Көліктік биіктігі (м)3,903,90
Бункерсіз ұзындығы (м)2,90 (3,50  маркерлерді қосу)2,90 (3,50  маркерлерді қосу)
Pronto 6 AS (м) бар көліктік ұзындығы10,8510,85
Көліктік ұзындығы Focus TD 3-нүкте. (м)11,2511,25
Көліктік ұзындығы Focus ST 3-нүкте. (м)11,1511,15
Бункерсіз салмағы шамамен. (кг)*2 0002 700
Pronto 6 AS-мен салмағы  шамамен. (кг)*6 7007 500
Focus TD 3-нүкте. салмағы  шамамен (кг)*11 20011 900
Focus ST 3-нүкте. салмағы  шамамен (кг)*11 500---
Тұқымдық бактың сыйымдылығы (л)7070
Қатарлар саны812
Түрендерге гидр. қысым түсіру, трактор ілмегі (кг)150 – 180150 – 180
Бункері бар түрендерге гидр. қысым түсіру  (кг)150 – 350150 – 350
Түреннің тірек аунақшасы, Ø (см)4040
Домалатқыш аунақшасы,  Ø (см)30 / 3330 / 33
Тұқым түсіргіш аунақшасыСериялықСериялық
Қатараралық ені (см, дюйм)70 / 75 / 80 / 30”45 / 50
Егу тереңдігі (см)1,5 – 91,5 – 9
Тұқымның құлау биіктігі (см)4545
Жұмыс жылдамдығы (км / сағ)2 – 122 – 12
Тарту кедергісі, трактор ілмегі (кВт/а. к.)110 / 150125 / 170
DiscSystem  жоқ Pronto 6 AS тарту кедергісі (кВт / а. к.)125 / 170140 / 190
DiscSystem бар Pronto 6 AS тарту кедергісі (кВт / а. к.)147 / 200184 / 250
Focus TD тарту кедергісі  3-нүкте. (кВт/л.с.)221 / 300257 / 350
Focus ST тарту кедергісі  3-нүкте. (кВт/л.с.)184 / 250---
Трактормен тіркеу түрі3-нүкте. II / III Сан3-нүкте. II / III Сан


* Ең аз жабдықталған машиналардың массасы(маркерлер-із кескішсіз және Maestro RV тыңайтқыш түрендерсіз SW-сыз ).


Базалық жабдықтау

Қырғы-аунақшалары

ТҰҚЫМДАРДЫ САПАЛЫ ОТЫРҒЫЗУ ҮШІН

Нығыздау аунақшаларды қалай дұрыс таңдауға болады?

  • Тісті аунақшалар ауыр топырақ үшін оңтайлы.
  • Орташа топыраққа арналған шпор  аунақшалары
  • Жеңіл құмды топырақтарға арналған резеңке доңғалақшалар
  • Екі дискілі түрендермен қарықта топырақ тығыздалған жағдайда, тісті және шпор аунақшалары оңтайлы су-ауа режимін қалпына келтіріп, қарықтың тығыз қабырғасын бұзады.
  • Құрғақ жағдайда, әсіресе ауыр сазды топырақтарда егу кезінде қарық жабық күйінде қалады
  • Өсімдіктердің тамыр жүйесінің дамуы ынталандырылады
  • Әр қатар үшін екі тісті / шпорлық доңғалақшалар және тереңдікті басқару үшін стандартты тірек аунақшасы қолданылады.
  • Алайда, бұл аунақшалар тұқымдарды беттік отырғызу үшін ұсынылмайды.

Қосымша жабдық