Максималды өнімділік, 3 түрлі компоненттерге дейін мөлшерлеу

Бункер SW 17000 / 17003

HORSCH Maschinen GmbH Өнімдер Құрамдас бөліктер | Бункер SW 17000 / 17003

Бункер SW

ТОПЫРАҚҚА ЕҢ АЗ ҚЫСЫММЕН ҮЛКЕН КӨЛЕМДЕГІ ЖОҒАРЫ АЙЛАЛЫ БУНКЕРЛЕР

HORSCH Seed Wagon бункерлерінің желісі калибрлеудің қарапайымдылығымен, ірі форматты люктер арқылы жылдам тиелуімен және машинаға қызмет көрсету үшін қолайлы қолжетімділігімен ерекшеленеді. Көлемі 12000 л-ден 21000 л-ге дейінгі бункерлерді толтыруға арналған қысқа аялдамалар Сіздің егістік машиналарыңыздың жоғары өнімділігіне кепілдік береді, ол бұл модельдерді барлық ірі шаруашылықтар үшін тартымды етеді. Қос немесе үштік бункер, сондай-ақ сұйық тыңайтқыш опциялары Сізге бір уақытта тыңайтқышты енгізе отырып, жоғары өнімді егуге арналған жеке комбинацияны табуға мүмкіндік береді
Пневматиканың әр-түрлі нұсқалары HORSCH бункерлерімен топырақты өңдеуге және себуге арналған машиналар комбинациясының көптеген нұсқаларына мүмкіндік береді. 
HORSCH бункерлерінің үштік жүйелері егіс техникасымен үйлесімде өздерінің артықшылықтарын толық ашады. Тұқым себу көкжиегіне тыңайтқышты (PPF system) мақсатты түрде енгізу де, тұқымдармен бірге тікелей борозға бастапқы мөлшер де мүмкін (G & F).

SW 17000 / 17003

SW 17000 және SW 17003 бункерлерінде Horsch сенімді компоненттері бар, олар коррозияға ұшырамайтын пластикалық ыдыстар, машина қармау енінің жартысында егуді өшіру мүмкіндігі бар тиімді пневматикалық жүйелер, HORSCH басқару терминалының эргономикалық дизайны.
Калибрлеудің тексерілген жүйесі тұқым мен тыңайтқыштың кез-келген түрін жоғары дәлдікпен мөлшерлеуге мүмкіндік береді.
 Сіздің қажеттіліктеріңізге байланысты әр-түрлі материалдар түріне арналған екі немесе үш бөліктен тұратын бункерді таңдауға болады. Бункердің екі нұсқасы үшін қосымша опциялардың үлкен ассортименті қол жетімді.  Мысалы, жүктеу шнегі, доңғалақ және шынжыр табанды қозғалтқыштардың әр-түрлі нұсқалары.

Бункерлер мен агрегатталатын машиналардың ықтимал комбинацияларына шолу

Сұйық тыңайтқыштар 

SW 12000, SW 12003 және SW 17003 бункерлері үшін HORSCH сұйық тыңайтқышпен нұсқасын опционалды түрде ұсынады.
SW 12000-де 6000 л, SW 12003 және 17003 сәйкесінше 4000 л полиэтилен багы бар. Ыңғайлы басқару және қызмет көрсету, жақсы көрінетін толтыру деңгейінің шкаласы, сондай-ақ құралдар мен керек-жарақтарға арналған кең қорап машинаны қолдануға өте ыңғайлы етеді. 
Интуитивті басқару жүйесімен сұйық тыңайтқышпен жұмыс істеуге арналған жақсы ойластырылған, тиімді және күрделі емес жүйесіні бүкіл әлемдегі фермерлер ұнатып үлгерді.


Техникалық деректер

HORSCH БункерSW 12000SW 12003SW 17000SW 17003SW 21000
Көліктік ені (м)     
650 / 65 R 38 шиналарымен3,003,00---------
900 / 60 R 32 шиналарымен3,353,354,104,104,10
520 / 85 R 42 қосарланған шиналарымен4,304,304,604,604,60
шынжыр табанды қозғалтқыштармен------4,004,004,00
Көліктік биіктігі (м)3,673,673,603,603,60
Тиеу шнегімен көліктік биіктік (м)3,933,933,603,603,60
Ұзындығы (м)7,50 (SW 7,22 / NT 7,00)7,907,909,40
Тиеу шнегінсіз көліктік биіктік (м)------8,908,909,40
Салмағы (кг) (SW 12000 шиналарымен 650 мм, басқ.: қосарланған дөңгелектер)4 5004 5005 4005 4005 400
Осьтік жүктеме (кг)3 5503 5504 7504 7504 750
Тіреу жүктемесі (кг)950950650650650
Бункер көлемі (л)6 000 / 6 0004 000 / 2 000 / 6 0008 500 / 8 5004 000 / 6 500 / 6 5008 500 / 4 000 / 8 500
Жүктеу биіктігі (м)3,403,403,653,653,65
1 Жүктеу саңылауының өлшемі (мм)0,99 x 0,750,99 x 0,750,99 x 0,750,99 x 0,750,99 x 0,75
2 Жүктеу саңылауының өлшемі (мм)0,99 x 0,75Ø 4200,99 x 0,750,99 x 0,750,99 x 0,75
3 Жүктеу саңылауының өлшемі (мм)0,99 x 0,750,99 x 0,750,99 x 0,750,99 x 0,750,99 x 0,75
Тікелей жетегі бар машиналарға арналған гидравликаны қосу1 x (+ 1 x 2 желдеткішімен)
Трактормен агрегаттауСаусаққа арналған сырға Ø 50 – 55 и 60 – 70 мм немесе шарлы ілініс K 80
NT – нұсқаны агрегаттауТікелей сепкіш жақтауының үстіндегі жоғарғы шетмойын------
г / м 8 см 3  үшін май шығыны70 – 90 л/мин70 – 90 л/мин70 – 90 л/мин70 – 90 л/мин70 – 90 л/мин