Әмбебап қолдануға арналған жоғары тиімді бункер жүйелері

Partner

HORSCH Maschinen GmbH Өнімдер | Partner

Partner HT

ТОПЫРАҚТЫ ӨҢДЕУГЕ АРНАЛҒАН тЫҢАЙТҚЫШТАРДЫ БАҚЫЛАй ОТЫРЫП енГІЗУ

Partner HT

Partner HT артқы бункерінде 40 : 60 қатынасында жалпы көлемі 2 800 л болатын екі камера бар. Бұл конструкция екі түрлі компонентті немесе екі камераның біреуін бір уақытта мөлшерлеуге мүмкіндік береді.
Ұсынылған қолдану спектрі:

  • Тыңайтқыштың бір түрі үшін екі камераны пайдалану
  • Тыңайтқыштың екі түрі үшін
  • Тұқым мен тыңайтқыштар үшін
  • Тұқымдық материалдың екі түрлі түрлері үшін

Мақсатты енгізу тыңайтқыштарды қолдану тиімділігін арттырады және шығындарды азайтады. Фосфаттарды жергілікті енгізу әсіресе тиімді. Тыңайтқыштар депосы белгілі бір тереңдікте өсімдіктердің қажетті уақытта, қажетті жерде және қажетті мөлшерде қоректік элементтерге деген қажеттілігін қамтамасыз етеді.
HORSCH Partner HT артқы жағынан трактордың 3 нүктелі ілмегіне ілінеді. Horsch топырақ өңдеу машиналарымен агрегаттау, мысалы, Joker RT, Terrano FM / MT / GX оларды Partner HT төменгі тартымдарына немесе K 80 шарлы құрылғысы бар тіркемеге не сырғаға ілу арқылы жүзеге асырылады. Бункердің конструкциясы әрдайым оператордың көз алдында топырақ өңдейтін машинаның болуына мүмкіндік береді.

икемділік

ТҰҚЫМ МЕН ТЫҢАЙТҚЫШТАРДЫ ТАРАТУ КЕЗІНДЕГІ

  • Бір және екі камералы бункер
  • Тұқым / тыңайтқыш және микротүйіршіктерге арналған мөлшерлегіштер
  • Қысым бункері - үлкен себу / енгізу нормалары үшін, трактор алдында шаңның болмауы
  • Partner FT үшін катоктардың әр-түрлі түрлері
  • Қосымша балластар
  • Partner HT аспаның немесе іліністің әр-түрлі түрлерімен

Partner FT

ТОПЫРАҚТЫ ӨҢДЕУГЕ АРНАЛҒАН тЫҢАЙТҚЫШТАРДЫ БАҚЫЛАй ОТЫРЫП енГІЗУ

Partner 1600 FT

Көлемі 1 600 л бір камералы бункер Maestro RV, Express 4 KR сепкіштерімен немесе тыңайтқыш енгізу жүйесі бар Terrano FX культиваторымен агрегаттауға болады. Partner FT ықшам конструкциясы трактордың алдыңғы жағын көруді қиындатпайды. Кең тиеу люгі алдыңғы немесе телескоптық тиегіш арқылы ішіндегісін жылдам толтыруға мүмкіндік береді.
Салмағы 360 кг болатын қосымша балласт жүктері Partner FT үшін меншікті салмағы 700 кг агрегатты оңтайлы балластауға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе бункер босатылған кезде өте маңызды.
Үлкен тірек ауданы үшін бункерді топырақ тығыздағышпен жасақтауға болады. Таңдау үшін салмағы 280 кг RollPack катогы және қосымша салмағы 230 кг дөңгелекті топырақ тығыздағыш ұсынылады.
Тыңайтқыштарды енгізу кезінде материалдың жақсы ағымдылығы және өткізетін желінің өткізгіштігі өте маңызды. Partner FT бункер ішіндегі жоғары қысым арқылы осы шартты қамтамасыз етеді. Қосымша артықшылығы болып трактордың алдында шаңның болмауы табылады. Тыңайтқыш және тұқым өткізгіштердің толық герметикалық жүйесі материалды тікелей түрендерге тасымалдайды.

Partner 2000 FT

Partner 2000 FT екі камералы орындауда көлемі 2 200 л. Қолдану мақсатына байланысты таңдауға жасақтаудың екі нұсқасы ұсынылады:
60 : 40 қатынасы және екі дозаторы бар екі камералы бункер Бұл конфигурация тұқым мен тыңайтқышты, тұқымның екі түрін немесе екі түрлі тыңайтқышты енгізуге мүмкіндік береді. Бункер камераларының әрқайсысын кез-келген типтегі материал үшін пайдалануға болады.
75 : 25 қатынасы және стандартты мөлшерлегіші және микро түйіршіктерге арналған мөлшерлегіші бар екі камералы бункер Бұл нұсқа тұқым немесе құрғақ тыңайтқыш үшін бункерді пайдалануға мүмкіндік береді және шағын түйіршіктерге арналған HORSCH мөлшерлегіш шнегі бар 550 л көлеміндегі камера бар. Partner 2000 FT екі камералы бункері - материалдың екі түрімен жұмыс істейтін себу немесе топырақ өңдеу агрегаттары үшін мінсіз толықтыру.
Тыңайтқыштарды енгізу кезінде материалдың жақсы ағымдылығы және өткізетін желінің өткізгіштігі өте маңызды. Partner FT бункер ішіндегі жоғары қысым арқылы осы шартты қамтамасыз етеді. Қосымша артықшылығы болып трактордың алдында шаңның болмауы табылады. Тыңайтқыш және тұқым өткізгіштердің толық герметикалық жүйесі материалды тікелей түрендерге тасымалдайды.
Салмағы 360 кг болатын қосымша балласт жүктері Partner 2000 FT үшін меншікті салмағы 1040 кг агрегатты оңтайлы балластауға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе бункер босатылған кезде өте маңызды.
Егер бункер егу үшін пайдаланылса, ені 1,30 м дөңгелек топырақ тығыздағышын пайдалану ұсынылады.

ТЫҢАЙТҚЫШТАРДЫ ЕНГІЗУ ЖҮЙЕЛЕРІ

Топырақты өңдеуге арналған тыңайтқыштарды енгізу жүйелері

Тыңайтқыштарды мақсатты енгізу өсімдіктердің қоректік заттарды қолданудың жоғары тиімділігімен сипатталады. Тыңайтқыш депосын қажетті тереңдікке қою оларды өсімдіктерге қажетті уақытта және қажетті түрде қол жетімді етеді. HORSCH топырақ өңдеу машиналарына арналған тыңайтқыш жүйелерінің үлкен арсеналын ұсынады. Бұл пневматикалық жүйелер Partner FT және HT бункерлерін тыңайтқыш ыдысы ретінде қолдана алады.

  • Terrano FX
  • Terrano GX
  • Terrano FM
  • Terrano MT
  • Tiger AS / MT

Техникалық деректер

 

HORSCH Partner Partner 1600 FT
Көліктік ені (м) 2,50
Биіктігі (м) 1,56
Қосымша балластарсыз ұзындығы (м) 1,44
Қосымша балластарсыз салмағы (кг) 700
Бункердің көлемі (л) 1 600
Тиеуге арналған люктердің өлшемдері (м) 2,30 x 0,67
Тиеу биіктігі (м) 1,56
Гидравликаны қосу1
Ағызудың гидравл. магистралі (макс. қысым 5 бар) 1
Желдеткіш гидромоторы үшін талап етілген тұрақты май ағыны (л/мин) 20 – 35
Тракторға ілу  3-нүкт. кат II және III

 

 

HORSCH Partner Partner 2000 FT
Көліктік ені (м) 2,71
Биіктігі (дөңгелекті тығыздағыш -пен / -сыз) (м) 1,65 / 1,90
Ұзындығы (дөңгелекті топырақ тығыздағыш -пен / -сыз) (м) 1,66 / 1,70
Салмақ (қосымша балласт -пен / -сыз) (кг) 1 040 / 1 430
Дөңгелекті топырақ тығыздағышы бар қосымша салмақ  (кг) 280
Бункердің көлемі (л) 2 200 (қос бункер 1 320 : 880 л / 
60 : 40 немесе 1 650 : 550 л / 75 : 25)
Тиеуге арналған люктердің өлшемдері (м) 0,83 x 0,66 (шағын камера) / 
1,45 x 0,66 (үлкен камера)
Тиеу биіктігі (дөңгелекті топырақ тығыздағыш -пен / -сыз) (м) 1,57 / 1,82
Гидравликаны қосу1
Ағызудың гидравл. магистралі (макс. қысым 5 бар)  1
Желдеткіш гидромоторы үшін талап етілген тұрақты май ағыны (л/мин)  20 – 35
Тракторға ілу  3-нүкт. кат II және III

 

 

HORSCH Partner Partner HT
Көліктік ені (м)2,84
Биіктігі (м) 1,82
Ұзындығы (м) 1,19
Салмағы (кг) 1 100
2 секц. бункер сыйымдылығы (л) 2 800 (40 : 60 / 1 120 : 1 680)
Тиеуге арналған люктердің өлшемдері (м) екеуі 1,12 x 0,55
2 секц. бункер тиеу биіктігі (м) 1,90
Гидравликаны қосу3 (1 ДД гидр. желдеткіш үшін,
2 ДД машина функциялары үшін)
Ағызудың гидравл. магистралі (макс. қысым 5 бар) 1
Желдеткіш гидромоторы үшін талап етілген тұрақты май ағыны (л/мин) 35 – 45
Тракторға ілу  3-нүкт. кат II және III / IV
Машинамен агрегаттау – төменгі тартымдарKат III
Машинамен агрегаттау – шары бар тіркемеK 80
Машинамен агрегаттау – сырғасы бар тіркемеKат IV (саусақ Ø 50 мм)

 


Қосымша жабдық


БАҚ